Бүгін күнделік бастайын деп шештім😄
Көп ұйықтап жүрмін ештеңе істегім келмей шаршаап жүрмін. Күндіз температурам 36.8 - 37. Біресе ыстықтаймын біресе тоңамын. Кеше таңда базальная температурам 36.8 болған бүгін 37.3 ке көтеріліпті. Мұрным бітіп суық тигендей ауырыңқырап отырмын. Кәзір жұмыста емеспін үйде тек жатыс. Тамаққа тәбетім жақсарып кетті. Үйдегілер тағы салқын тигіздің ба деп алаңдап жүр. Бірақ менің ойым басқадаааа!
2012 жылы тұрмыс құрдым 2013 августінде Ұлымды дүниеге әкелдім. Одан кейін 1 жылдай сақтандым. Ал пландап жүргенімізге 3жыл болды. Гинекологтар вторичный бесплодие деп диагноз берді.
Алладан үміт үзби тілеп келеміз! Осы жолы болып кетсе екен☺☺☺🙂